Қазақстанда жылыту маусымы көмір тапшылығымен басталмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жылыту маусымы көмір тапшылығымен басталмақ

Қазақстанда жылыту маусымы көмір тапшылығымен басталмақ

Жылыту маусымы қарсаңында өңірлер 65 пайыз көлемінде көмірмен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Энергетика министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің отырысында айтылды

  • 6 Қазан
  • 7
Фото:depositphotos.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жиынға «Қазақстан Темір Жолы «ҰК» АҚ өкілдері, көмір өндіруші кәсіпорындар мен сыртқы сауда қызметінің мамандары қатысты. Өңірлердегі көмір дайындау жоспары орындалуы, жартылай вагондармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ, өңірлік операторлардың қызметі туралы есептер тыңдалды.

«Бүгінде халық пен коммуналдық-тұрмыстық сектордың жылыту маусымына қажеттілігі — 7,4 миллион тонна көмір. Өңірлер бойынша көмір дайындау көлемі 4,8 миллион тоннаға жетті, бұл — жоспардың 65 пайызы. Энергетика министрлігі өңірлерді көмірмен қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауда ұстайды», — деп жазылған хабарламада.

Перейти к новостям спорта