Қазақстандағы әр оныншы бала бейтаныс адамға өз суретін жіберген – зерттеу - kaz.caravan.kz
  • $ 509.51
  • 570.6
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы әр оныншы бала бейтаныс адамға өз суретін жіберген – зерттеу

Қазақстандағы әр оныншы бала бейтаныс адамға өз суретін жіберген – зерттеу

2024 жылы Бала құқықтарын қорғау комитеті мен ЮНИСЕФ жүргізген «Online Kids in Kazakhstan» зерттеуіне сәйкес, Қазақстандағы әр оныншы бала бейтаныс адамдардың сұрауы бойынша өз фотосуреттерін жіберген. Зерттеуге 1200 бала қатысты.

  • 12 Мамыр
  • 9
Фото - Caravan.kz

Зерттеу нәтижесін Informburo.kz басылым жариялады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Әрбір оныншы бала өз фотосын белгісіз біреудің қандай да бір ақпарат сұрауына жауап ретінде жіберген. Ал әрбір он бірінші қыз бала интернет арқылы танысқан адаммен бетпе-бет кездесуге барған. Сонымен қатар, балалардың 3%-ы бейтаныс адамдармен тікелей сөйлескен. Бұл ата-аналар мен педагогтардың балалармен қысқа да болса, тұрақты байланыста болуы мен олардың сеніміне ие болуы аса маңызды екенін көрсетеді», – деді Бала құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова ОКҚ-дағы брифингте.

Оның айтуынша, балалардың осындай осал жағдайда болуының негізгі себептерінің бірі – ата-аналардың жауапкершілігінің төмендеуі. Комитет басшысы 15-17 жас аралығы – ең күрделі кезең екенін айтты, себебі бұл жастағы жасөспірімдер ата-анасынан, туыстарынан және мұғалімдерден көп нәрсені жасырады.

2024 жылы ата-аналарға балалардың ересектердің қарауынсыз түнде көшеде жүруі үшін 98 мың әкімшілік айыппұл салынған.

«Бұл деректер бізді алаңдатады. Қазір еліміздің барлық өңірлерінде білім беру ұйымдары жанынан психологиялық қолдау орталықтарын ашу басталды. Психологтар, ата-аналар, мектеп пен колледж оқушылары түрлі көмекке жүгіне алады. Қазіргі таңда бұл жұмыс басталды, 600 мың өтініш қабылданды. Сонымен қатар, әрбір мектепте ата-аналарға арналған психологиялық және педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс істейді», – деп толықтырды Оспанова.

Ол әр мектепте QR-кодтар орналастырылғанын және 111 қысқа нөмірлі call-орталықтың жұмыс істейтінін еске салды. 2025 жылдың алғашқы төрт айында балалардан 74 мың өтініш келіп түскен, оның 300-і – отбасындағы немесе көшедегі зорлық-зомбылық туралы хабарлар болған.