Қазақстандағы көліктер саны қанша? - kaz.caravan.kz
  • $ 506.7
  • 593.14
-12 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы көліктер саны қанша?

Қазақстандағы көліктер саны қанша?

Қазақстанда 6,7 миллионнан астам автокөлік тіркелген. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы келтіреді

  • 29 Қазан 2025
  • 4
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы 24KZ-ке-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тек тамызда елімізде шамамен 160 мың көлік тіркелген. Олар ІІМ-нің ақпараттық жүйесіне енгізілді.

Олардың басым көпшілігі – жеңіл автокөліктер. Сондай-ақ 9,7 мың жүк көлігі, 1,5 мың автобус және 3,5 мыңнан астам мотоцикл тіркелген.

Қыркүйектегі мәлімет бойынша, елімізде 6,7 миллионнан астам көлік бар. Жеңіл көліктердің негізгі бөлігі ескі жылдардағы: 41,5 пайызы – 20 жылдан астам уақыт пайдаланылғандар, 24 пайызы – 10-20 жыл, 10 пайызы – 7-10 жыл, 17 пайызы – 3-7 жыл және тек 6,8 пайызы ғана үш жылға жетпеген жаңа автокөліктер.

Еске салайық, Қазақстанда шыққанына 7 жылдан асқан автокөліктерді әкелуге тыйым салу уақытша тоқтатылған болатын.