Қазақстандағы мектептер соңғы қоңырау өтетін күнді таңдай алады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.45
  • 598.59
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы мектептер соңғы қоңырау өтетін күнді таңдай алады

Қазақстандағы мектептер соңғы қоңырау өтетін күнді таңдай алады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Үкімет отырысында министрдің айтуынша, биыл оқу жылы "Бі

  • 20 Мамыр
  • 5
Фото:depositphotos.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет отырысында министрдің айтуынша, биыл оқу жылы «Білімім – Отанымa» атты бірыңғай сынып сағаттарын өткізумен аяқталады.

«Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша, мектеп бітіруші түлектерге арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шараны 23 немесе 24 мамырға жоспарлау ұсынылды», – деді Ғани Бейсембаев.

Осылайша, әр мектеп соңғы қоңырауды өткізу үшін жұма немесе сенбі күнін – қолайлы күнді таңдай алады.

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, бұл күндері 11-сынып оқушылары үшін бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ) өтеді және ол аталған мерекелік күнмен сәйкес келіп отыр.

Сонымен қатар, 9 және 11-сынып түлектерінің қорытынды емтихандары 29 мамыр мен 16 маусым аралығында өтеді. Аттестат тапсыруға арналған салтанатты рәсім 18-20 маусымға белгіленген.

«Осы оқу жылын 3,9 миллион оқушы аяқтайды. Оның ішінде бастауыш сыныпта – 391 мың, негізгі мектепте – 364 мың бала оқиды. 217 мың бала – мектеп бітіруші түлектер. «Алтын белгіге» үміткерлердің саны бұрынғы жылдардағыдай – 5 пайыздан аспайды», – деп қосты Ғани Бейсембаев.