Қазақстандағы сегіз қалада ауа сапасы нашарлайды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы сегіз қалада ауа сапасы нашарлайды

Қазақстандағы сегіз қалада ауа сапасы нашарлайды

Қазгидромет Астана, Алматы және Қазақстанның тағы алты қаласының тұрғындарына ескерту жасады

  • 4 Желтоқсан 2024
  • 2
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«2024 жылғы 4 желтоқсандаАстана, Алматы, Қызылорда, Шымкент, Атырау, Павлодар, Теміртау, Қарағанды ​​қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.