Қазақстандағы суицид толқынына «Вертер синдромының» қандай қатысы бар? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы суицид толқынына «Вертер синдромының» қандай қатысы бар?

Қазақстандағы суицид толқынына «Вертер синдромының» қандай қатысы бар?

Үкілеп өсіріп отырған баламызды интернет қауіптен қалай қорғаймыз?

  • 25 Қыркүйек
  • 78
Фото: caravan.kz

Қоғамда жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің көбеюіне қатысты түрлі пікірлер айтылып жатыр. Саясаттанушы мамандар сандарды сөйлетіп, халықты жұбатуға кірісті. Ал министрлік суицидтің өршуін «Вертер синдромымен» байналыстырып, журналистер мен БАҚ құралдарына ақпарат жарияламауға шақырып жатыр. Нәтижесінде ата-аналар мен жасөспірімдер назардан тыс қалып отыр. Caravan.kz медиа порталы осы тақырып төңірегіндегі пікірлерге тоқталады.

Қоғамды дүр сілкіндірген оқиғалар Алматыда орын алды. Бір апта ішінде оңтүстік астанада 4 жасөспірім қыз бен екі ұл, ал кеше Астанада ересек адам өз-өзіне қол жұмсады.

Суицидтің жаңа толқыны халықтың бойында үрей тудырды. Ал кейін қызықты пікірлер айтыла бастады. Саясаттанушы Марат Шибұтов сандарды сөйлетіп, халықты жұбатуға тырысты. Айтуынша, өткен жылы елімізде 4 мыңға жуық адам өзіне қол жұмсаған. Оның 262-і Алматылықтар. Яғни, аптасына бес жағдай тіркелген екен. Ал биыл он күн ішінде 4 қыз бен 2 ұл. Оның айтапғы бәрі сол деректерге сай.

Артынша мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің телеграмм арнасында жазба жариялады. Оның пікірінше, суицид тақыбырын БАҚ беттерінде жариялау «имитациялық суицид» деп аталатын жағдайларды тудыруы мүмкін.

«Вертер әсері» – бұл феномен, суицид туралы ақпараттар жарияланғаннан кейін өз-өзіне қол жұмсау жағдайларының көбеюін көрсетеді, әсіресе мұндай хабарламалар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таратылған кезде байқалады. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, суицид туралы жарияланымдар «имитациялық суицид» деп аталатын жағдайларды тудыруы мүмкін”,- деп жазды депутат телеграмм арнасында.

Бұл феноменнің негізгі зерттеушілерінің бірі — Phillips D.P. (1974). Оның зерттеуі «The Influence of Suggestion on Suicide: Substantive and Theoretical Implications of the Werther Effect» деп аталады, және ол суицид оқиғаларының Ұлыбритания мен АҚШ-тағы газеттерде (1947-1968 жылдары) жарияланғаннан кейін айтарлықтай өскенін көрсетеді. Мұндай оқиғаларға неғұрлым көп назар аударылса, суицид саны да соғұрлым артады деген тұжырым жасалған.

Осыған байланысты, суицидтің алдын алумен айналысатын көптеген ұйымдар бұл тақырыпты қалай дұрыс жариялау керектігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарына арналған нұсқаулықтар әзірледі. Бұл нұсқаулықтарды орындау имитациялық мінез-құлық қаупін азайтуға көмектеседі,”— дейді Аймағамбетов.  

Тіпті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да медиаға суицид туралы жауапты түрде хабарлау бойынша ұсынымдар шығарған.

Тәуелсіз журналист Михаил Казачков қоғамдағы қайғылы оқиғалардың салдарымен емес, себептерімен күресу керек дейді. Ол журналистер мен БАҚ өкілдеріне жауапкершілікті жүктейтін, бірақ нақты шешімдер қабылдамайтын шенеуніктерге шүйлікті.

«Біріншіден, журналистерді кінәлі ететіндер табылатынына сендім. Ол қалыпты жағдай. Кейбір азаматтар елдегі негатив оқиғалардың барлығы осы журналистердің кесірінен деп ойлайды. Олардың ойынша, олимпиада ойындарындағы сәтсіздіктер, су тасқыны, көмір немесе газ тапшылығын журналистер шақырған сияқты. Екіншіден, қоғамда статистикаға сүйеніп пікір білдіретін мамандардың сөйлейтіні де қалыпты жағдай. Оған да сенімді болдым. Алайда, үкіметтің үн-түнсіз отырғаны қалай? Әзірге тек балалар омбудсмені Динара Зәкиева ғана сөз сөйлеп, тақырыптық кездесу өткізгенін баяндады. Ал жасөспірімдер мен олардың ата-анасымен кім жұмыс жасайды? Оларға әрі қарай не істеу керектігін, кеңес беріп, оларды расымен де кім жұбатады?, — деп жазды ол өзінің Фейсбук парақшасында.

Қазақстандағы суицид толқынына «Вертер әсерінің» қандай қатысы бар? Вертер синдромы деген не?

Гетенің «Жас Вертердің қасіреті» атты романы бар. Әдебиетшілер осы шығарманы Гетеге танымалдық әкелген деп айтып жүр. Роман жарық көре сала бестселлерге айналып, немістер жата-жастана оқыған деседі. «Жас Вертердің қасіреті» әдеби көркемдігі, тілінің шұрайлығы тұрғысынан ғана емес, әлеуметтік-қоғамдық мәселеге қатты ықпал етіпті.

Шығарма желісі бойынша Вертер өз-өзіне қол жұмсайды. Еуропада кітапқа қатты берілген жастар кейіпкердің әрекетін шын өмірде қайталапты. Мұны анықтаған Дэвид Филлипс деген америкалық әлеуметтанушы. Ол 18 ғасырдағы суицидтерді зерттегенде осындай қызық дүниені байқайды. Кейін 1970-ші жылдары 7 жыл бойы бақылап, бұқаралық ақпарат құралдарында суицид туралы көбірек айтылғанда жастар арасында өз-өзіне қол жұмсайтындар көбейгенін анықтапты. Содан кейін мұны Вертер феномені немесе Вертер синдромы деп атап кеткен.

Журналист Оңғар Қабденнің пікірінше, Вертер феноменінің әсері біздің елде де байқалып жатыр. Кейінгі уақытта оқушылардың биік ғимараттан секіріп кеткені туралы жаңалықтар бірінен кейін бірі жарияланып жатыр. Мұның себебі неде? Оны тергеу бітпей дөп басып айту қиын. Кейбіреулер Schoolboy Runaway секілді ойындардың әсері бар деп жазып жатыр екен. Қазір кез келген оқушының қолында смартфон бар. Бәлкім, шынымен осындай мобильді қосымшалар ықпал етіп жатқан шығар. Ол жағын тергеп, тексеріп, анықтау қажет.

Бірақ Вертер синдромын да ұмытпаған абзал. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында суицид туралы жиі жазған сайын ықтимал жағдайлар көбейген үстіне көбейе түсуі мүмкін. Сондықтан мұндай өте нәзік тақырыпты мұқият жариялаған жөн. Рейтинг үшін оңды-солды тарата бермеу қажет.

Сосын әлеуметтік желілерді, әсіресе тик-токты бақылау қажет. Қазір онда кім көрінген ойына келгенін істеп жатыр. Біреуі боқтайды, біреуі құмар ойын өткізеді. Тіпті, тікелей эфир жүргізгендердің не айтып жатқанын да ешкім білмейді. Жаман дүниеге насихаттап жатуы да мүмкін. Мұндайды көрген бала не істейді? Әлбетте, соны қайталайды. Осылайша, әлі бұғанасы қатып үлгермегендер бұрыс жолға түседі. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі буллингті де ұмытпаған абзал, ол өте қауіпті құбылыс.

Ата-аналар да бұған сақтықпен келгені дұрыс деп есептеймін. Балалары ойнайтын ойындарды, мобильді қосымшаларды тексеріп отыру қажет. Жүрген-тұрғанын, кімдермен сөйлесетінін, браузерінің тарихын тексеріп қойған артық етпейді. Өйткені балалар әлі оң-солын танып үлгермейді. Кей жағдайда қызбалықпен шешім қабылдауы мүмкін. Сол себепті бұл мәселеге ата-аналар мұқият болуға тиіс, — деді журналист.

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев балаларына телефон бермейтінін жазды.

«Біздің балаларда телефонға деген тәуелділік жоқ. Біздің үйдегі басты тәртіп, ереже осы. Телефон алу үшін бізден рұқсат сұрайды. Оның өзі 20 минутқа. Тура уақытымен қайтарып береді. Басқа уақытта ойыншықпен ойнайды», — деді ол.

Тележүргізуші Данияр Есен балалардың суицидінің алдын алудың жолдарымен бөлісіп, ата-аналарға кеңес берді. Оның айтуынша, баламен түрлі тақырыптарда ұзақ отырып әңгімелесу көптеген мәселелердің алдын алуға көмектеседі.

«Сіз журналист рөліне кіріңіз. Студияға балаңызды шақырыңыз. Алдын ала сұрақтар тізімін жазып алыңыз. Балаңызды мақтап-мақтап жіберіп, сұрақтарды қойып көріңіз, жауабы сізге де қызық болатыны сөзсіз. Сұрақтарды өзіңіз құрастырғыңыз келмесе, балалар психологы ойлап тапқан дайын материалдарды қолдана аласыз», — деп жазды ол өзінің Телеграм арнасында.