Қазақстандық әйел Қырғызстанда бала саудасымен айналысқан - kaz.caravan.kz
  • $ 460.37
  • 531.87
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық әйел Қырғызстанда бала саудасымен айналысқан

Қазақстандық әйел Қырғызстанда бала саудасымен айналысқан

Қырғызстанда бала саудасымен айналысқан қазақстандық әйел сотталды.

  • 8 Сәуiр
  • 3
фото: Жасанды интелект

Сот оны 12 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) мәлімтінше, қазақстандық әйел мен оның сыбайласы — Қырғызстан азаматына қатысты адам саудасы бабы бойынша қылмыстық іс 2024 жылы қозғалған. Тергеу мәліметінше, ер адам мен әйел кәмелетке толмаған балаларды Қырғызстан аумағынан заңсыз шығару арнасын ұйымдастырған.

Тергеу барысында Қазақстан азаматы А.А. Израиль азаматы А.Б.-мен қылмыстық сөзге келісіп, ақшалай және мүліктік сыйақы үшін Қырғызстан азаматы С.С.-дан кәмелетке толмаған үш баланы сатып алғаны анықталды.

«Балаларға қатысты аморальды және діни жоралғылар түріндегі азғындық әрекеттер жасалған. Олардың денелерін жалаңаштап, жыныстық мүшелеріне басымдық бере отырып суретке түсірген, содан кейін бұл фотоларды мессенджерлер арқылы Қырғызстаннан тыс жерде тұратын үшінші тұлғаларға жіберген. Сонымен қатар аталған қылмыстық топ Қырғызстан азаматы Д.К.-ның кәмелетке толмаған екі баласына толық қорғаншылық алуға рұқсат алып, оларға қатысты да осындай әрекеттер жасаған», — делінген хабарламада.

Қылмыстық істің жиналған материалдары мәні бойынша қарау үшін Бішкектің Бірінші май аудандық сотына жолданды. Нәтижесінде 2026 жылғы 12 наурызда сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, оларды бас бостандығынан айыру туралы үкім кесті: Қазақстан азаматы 12 жылға, Қырғызстан азаматы 11 жылға мүлкі тәркіленіп сотталды.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысының 23 жастағы тұрғыны 800 мың теңгеге өзінің жаңа туған нәрестесін сатпақ болған. Полиция мәліметінше, әйел жүкті кезінде-ақ сатып алушыларды іздестірген. Ол баланы тапсырып, ақшаны алып жатқан сәтінде қылмыс үстінде ұсталды.