Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Newtimes.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қарағанды бекетінен өткеннен кейін пойыз жолсерігі вагондағы дәретханадан қан іздерін анықтаған. Қанды іздер дәліз арқылы бір купеге дейін жетіп, онда қанға малынған көрпемен оранып жатқан қыз табылған. Тексеру нәтижесінде қыздың дәретханада өзі босанып, сәбиді терезеден лақтырып жібергені анықталды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жаңа туған сәби мерт болған.
Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
— Аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде. Оның барысында заңға сәйкес процессуалдық шешімдер қабылданады. Қайғылы оқиғаның нақты себептері мен мән-жайлары тексерілуде, — делінген ресми хабарламада.