Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпаратты елдің сыртқы істер министрлігі растады.
“Кеше Шарм-эш-Шейх әуежайында рейсті күту аймағында жарнама тақтасы құлап кетті. Салдарынан Қазақстан азаматы көз жұмды, тағы екі отандасымыз жеңіл жарақаттар алды. Марқұмның туыстарымен байланыс орнатылды, елші барлық сұрақ бойынша көмектесіп жатыр. Зардап шеккен әйелдерге қажетті медициналық көмек көрсетілді, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ”, – делінген хабарламада.
Египет тарапы орын алған жағдайға байланысты көңіл айтқан. Египеттің азаматтық авиация министрі жағдайды өз бақылауына алып, оқиға орнына комиссия жіберген. Қазір тергеу жүріп жатыр.