Қазақстандық әкелер балаларына 28 млрд теңге қарыз - kaz.caravan.kz
  • $ 511.92
  • 588.91
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық әкелер балаларына 28 млрд теңге қарыз

Қазақстандық әкелер балаларына 28 млрд теңге қарыз

Бас прокуратура алимент өндіру бойынша жұмыстың қорытындысын шығарды. Ведомство басшысы Берік Асылов төлемнен жалтару балаларды толыққанды дамудан айыратынын атады

  • 25 Ақпан
  • 6
Фото: gov.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Елдегі алимент бойынша қарыз 28 млрд теңгеге жетті. Төлемнен жалтарғандарға шығуға тыйым салу, мүлікті тәркілеу және лицензияларды тоқтату шаралары қолданылады.

2024 жылдың қыркүйегінен бастап борышкерлерді «Сергек» камералары мен мемлекеттік деректер базасы арқылы бақылайтын «КИРЕБ» жүйесі жұмыс істейді.

 Қазірдің өзінде 176 төлемнен жалтарушы анықталып, 4,6 млрд теңге өндірілді. 

Ақтөбеде жол полициясымен бірлескен рейдтер барысында борышкерлердің 250 көлігі анықталып, 95 млн теңге өндірілді.