Қазақстандық актер АҚШ-та өртеніп жатқан көліктен бір адамды құтқарып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 607.91
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық актер АҚШ-та өртеніп жатқан көліктен бір адамды құтқарып алды

Қазақстандық актер АҚШ-та өртеніп жатқан көліктен бір адамды құтқарып алды

Лос-Анджелес қаласының маңында орын алған жол апаты кезінде көлік жардан құлап, отқа оранған. Сол сәтте оқиға куәгері болған қазақстандық актер Санұржан Сүлеймен бірден көмекке ұмтылып, өртеніп жатқан көліктің ішінен бір адамды құтқарып қалды

  • 26 Маусым
  • 5
Azattyq ruhy

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізушісі көлік ішінде қысылып қалған. Оны көрген Санұржан еш ойланбастан көлікке қарай жүгіріп, жалынның ішіне кіріп кеткен. Актер шапшаң шешімі мен қайсар әрекетінің арқасында жүргізушіні көлік ішінен алып шығып, өмірін сақтап қалды.

Құтқару қызметтері біраз уақыттан кейін оқиға орнына келіп жетіп, зардап шеккен жүргізушіге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Санұржанның бұл әрекеті әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, көпшіліктің ризашылығына ие болды.

Қазақ актері Санұржан Сүлейменов — 1998 жылы туған, ол «Аңшы бала», «Районы», «Шестой пост», «Время патриотов» сияқты жобаларда басты рөлдеді сомдаған. Театр, шетелдік сериалдар және қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады.