Қазақстандық дипломдар енді шетелде жарамды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.43
  • 594.86
-8 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық дипломдар енді шетелде жарамды

Қазақстандық дипломдар енді шетелде жарамды

Қазақстан дипломдарды халықаралық деңгейде тану аясын кеңейтеді

  • 15 Қаңтар
  • 3
ФОТО: baq.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сенат ЮНЕСКО қамқорлығымен қабылданған жоғары білімдегі біліктіліктерді тану жөніндегі Азия–Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын (Токио конвенциясы) ратификациялады.

Құжат Азия–Тынық мұхиты өңірі елдері арасында дипломдарды танудың бірыңғай әрі ашық қағидаларын белгілейді. Бұл қатарға Қытай, Жапония, Корея, Австралия, Жаңа Зеландия, Моңғолия және өзге де мемлекеттер кіреді. Қазақстан ортақ стандарттарды бекітіп, ресми ақпарат алмасуды міндеттейді және білім туралы құжаттарды растау рәсімдерін жеделдетуді көздейді.

Сондай-ақ конвенция біліктіліктер жөніндегі ақпарат алмасуға арналған халықаралық APNNIC желісіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Орталық Азияда Токио конвенциясына қосылған алғашқы ел болмақ. Бұл қадам елдің аймақтық білім беру хабы ретіндегі позициясын нығайта түседі.