Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ауқымды халықаралық жарыс 1–3 мамыр күндері Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтеді.
Еліміздің намысын сегіз спортшы қорғайды. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметіне сәйкес, медаль үшін төмендегі дзюдошылар күреседі:
— Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін)
— Алдияр Қарағұлов (60 келіге дейін)
— Нұрмұхаммет Ботабай (66 келіге дейін)
— Ықылас Әлсейіт (73 келіге дейін)
— Аңсарбек Ғайнуллин (81 келіге дейін)
— Досхан Жолжақынов (81 келіге дейін)
— Ермұхан Естай (100 келіге дейін)
— Мұхаммедәли Мавлидов (100 келіге дейін)
Жалпы аталмыш турнирге 200-ден астам спортшы қатысады.