Қазақстандық мамандардың тағы бір тобы Қытайға оқуға аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.26
  • 574.75
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық мамандардың тағы бір тобы Қытайға оқуға аттанды

Қазақстандық мамандардың тағы бір тобы Қытайға оқуға аттанды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстанның су саласы мамандарының екінші тобы Қытайға оқу

  • 14 Мамыр
  • 2
ФОТО: су ресурстары және ирригация министрлігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның су саласы мамандарының екінші тобы Қытайға оқуға аттанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл наурыз айында министрлік Қытайдың су шаруашылығы министрлігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумды рәсімдеген болатын. Соның аясында 120 маман Қытайда біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Оған бюджеттен ақша бөлінбейді. Себебі Қытай барлық шығынды өтеп беруге келісті. Бұған дейін екі апталық курстарға 30 маман барып келген. Осы жолы екінші топ жіберілді.

Олар су ресурстарын ұтымды және тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу мен игеру бойынша оқытудан өтеді.

«Қазақстандық мамандар Қытайдан басқа, АҚШ, Франция және Жапонияда да оқудан өтті. Қазіргі уақытта басқа да мемлекеттермен келіссөздер жүргізіліп жатыр», — дейді вице-министр Нұрлан Алдамжаров.

Бұдан бөлек, Қазақстандағы арнайы орталықтарда оқу курстары ұйымдастырылады. Биыл оған шамамен 1000 маман қатысады деген жоспар бар.

Айта кетері, бұған дейін министр Нұржан Нұржігітов мыңдаған жұмыскердің жалақысы 50 процентке көтерілетінін мәлімдеді.