«Қазақстандық Ник Вуйчич» Байқоңыр ауданындағы футбол турниріне қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстандық Ник Вуйчич» Байқоңыр ауданындағы футбол турниріне қатысты

«Қазақстандық Ник Вуйчич» Байқоңыр ауданындағы футбол турниріне қатысты

Қазақстанға аты «Қазақстандық Ник Вуйчич» деген атпен танымал Али Тұрғанбаев - Балалаларды қорғау күнінде Байқоңыр ауданында ұйымдастырылған футбол турниріне қатысты.

  • 1 Маусым
  • 14663
Фото - Caravan.kz

Талдықорған өңірінің тумасы Али — өзінің ерекшелігіне қарамастан жастайынан футболға әуес. Тіпті өзінің футболға деген қызығушылығының арқасында Месси, Роналдо секілді әлем чемиондарымен де кездескен. Тіпті Марадона, Мбаппе, Неймар спорт жұлдыздарымен бір алаңда ойнаған.

Осылайша танылған Али Тұрғанбаев бүгінгі аула мерекесі барысында елорданың жас спортшыларын мерекемен құттықтады.

Айта кетейік, бүгінгі мереке барысында тұрғындар игілігіне тапсырылған барлық аулада футболдан турнир өткізілді. Турнирге қатысушылар арасынан үздік ойыншылар мен үздік командалар анықталып, арнайы дипломдармен марапатталды, сыйлықтар табысталды.