Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақ ұлттық сейсмологиялық орталығының жедел деректері бойынша жер сілкінісі Астана уақытымен 7:54-те тіркелген. Магнитудасы mpv 3,9, энергетикалық класы K=9,0. Қазақстан аумағында жер сілкінісінің сезілетіні туралы мәлімет жоқ.
Қырғызстан Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің қарқындылығы мынадай болған: Джан-Булак, Достук, Ақ-Талаа ауылдарында – шамамен 3,5 балл; Таш-Булак, Қуланақ, Мин-Булак, Еңбек-Талаа ауылдарында – 3 балл; Нарын қаласында – 2,5 балл.
Айта кетейік, 2026 жылғы 26 қаңтарда да Қырғызстанда сезілетін жер сілкінісі болып, оны Қазақстан сейсмологтары тіркеген болатын.