Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ол жұптық сайыста жүлдеге ие болды. Финалда қазақстандық Әмір Омарханов пен ресейлік Тимофей Дерипаско швейцариялық Анри Берно мен чехиялық Денис Петак жұбын 3:6, 6:1, 10:1 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Orange Bowl бейресми түрде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты болып саналады. Турнирдің матчтары ашық корттарда өтті.