Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Лицейіміздің мақтанышы Алтынбек Айсұлтан әлемнің 9 еліндегі 86 университеттен шақырту алды. Олардың ішінде ең беделді 10 халықаралық университет бар», — деп жазылған хабарламада.
Айсұлтан шақырту алған үздік университеттер қатарында мына ЖОО-лар бар:
- Budapest University of Technology and Economics
- Eötvös Loránd University
- University of East London
- Albion College
- Hampshire College
- Drexel University
- DePaul University
- CU Boulder (University of Colorado Boulder)
- Drake University
- Temple University
«Бұл оқу орындары — жаһандық рейтингтерде жоғары орын алатын, ғылым, технология, бизнес және әлеуметтік ғылымдар саласында жетекші университеттер. Айсұлтанның жалпы иеленген гранты — $4 614 000. Бұл — үлкен еңбек пен мақсатқа деген адалдықтың нәтижесі», — деп жазылған хабарламада.