Қазақстандық жеңіл атлет Дейзи Жепкемей Азия чемпионатында алтын қанжығалады - kaz.caravan.kz
  • $ 511.92
  • 588.91
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жеңіл атлет Дейзи Жепкемей Азия чемпионатында алтын қанжығалады

Қазақстандық жеңіл атлет Дейзи Жепкемей Азия чемпионатында алтын қанжығалады

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Гумиде (Оңтүстік Корея) өткен Азия чемпионатында алғашқы алтын медалін жеңіп алды

  • 29 Мамыр
  • 4
Фото - Caravan.kz

. Дейзи Джепкемей жеңіс тұғырының жоғары сатысына көтерілді. Бұл туралы ҰОК мәлімдеді, деп хабарлайды kaz.inform.kz


Жеңіл атлет 10 000 метрге финалда жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы бұл қашықтықты 30:48,44 нәтижемен бағындырды. 

Жапондық Ририка Хиронака мәреге жетті — 30:56.32. Микуни Яда (Жапония) 31:12.21 уақытпен үшінші болып келді.

Қазір біздің құраманың қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық жүгіруде үшінші орын алған болатын.

Бұған дейін хабарланғандай, жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түскен еді.

https://kaz.inform.kz/news/kazakstandik-zhenl-atlet-deyzi-zhepkemey-aziya-chempionatinda-altin-kanzhigaladi-d7afbc

https://kaz.inform.kz/news/kazakstandik-zhenl-atlet-deyzi-zhepkemey-aziya-chempionatinda-altin-kanzhigaladi-d7afbc