Қазақстандықтар азық-түліктің қымбаттауына наразы - DEMOSCOPE - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
0 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар азық-түліктің қымбаттауына наразы - DEMOSCOPE

Қазақстандықтар азық-түліктің қымбаттауына наразы - DEMOSCOPE

Қымбатшылық пен инфляцияның салдарынан халық үнемдеуге көшті.

  • 14 Қазан
  • 44
Фото: TASS

Жақында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, халықтың қымбатшылыққа наразы екені белгілі болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

2025 жылғы қыркүйекте жүргізілген DEMOSCOPE сауалнамасына сәйкес, азаматтардың 74,7%-ы азық-түлік бағасының өсуіне алаңдайтынын айтқан. Соның салдарынан респонденттердің 62%-ы ет, 24,5%-ы көкөніс пен жеміс-жидек, 20,5%-ы балықты аз тұтына бастаған.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жылда азық-түлік 11,7%-ға қымбаттаған. Ал Applied Economics Research Centre 2025 жылы инфляция 12,7%-ға жетеді деп болжайды.

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі отандық өнімнің бағасы шетелдік тауардан қымбат екенін айтқан. 

Бір қызығы, осыған қарамастан, қазақстандықтар тамақтың сапасы, қолжетімді болуы және бағасы тұрғысынан азық-түлік қауіпсіздігін айтарлықтай оң бағалайды. Сауалнама барысында респонденттер азық-түлік қауіпсіздігін 5 балдық шкаламен бағалады, мұндағы 5 – өте жоғары, 1 – өте төмен. Нәтижесінде жалпы азаматтардың 45,1%-ы азық-түлік жүйесінің орнықтылығын жоғары бағалады: 25%-ы өте жоғары десе, 20,1%-ы жоғары деуге болады деп жауап берген. Дегенмен, сауалнамаға жауап бергендердің бестен бірі (20%) азық-түлік қауіпсіздігін өте төмен деп бағаласа, 9%-ы төмен деуге болады деп отыр. Қалған 34%-ы азық-түлік қауіпсіздігі орташа деп санайды. 

Дегенмен, азаматтардың 64,3%-ы Қазақстан болашақта ішкі нарықты өз өнімдерімен қамтамасыз ете алады деп сенеді.

Халық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекет отандық өндірушілерді қолдап, бағдарламалардың ашықтығын қамтамасыз етуі керек деп есептейді.

Перейти к новостям спорта