Қазақстандықтар несиеден біржола қалай бас тарта алады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар несиеден біржола қалай бас тарта алады

Қазақстандықтар несиеден біржола қалай бас тарта алады

Қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы банктік қарыздарды алудан шексіз мерзімге бас тарта алады

  • 20 Маусым
  • 3
ФОТО: unsplash

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Ұлттық ақпараттықтехнологиялар» АҚ мәліметінше, қызмет тек азаматтардың өздеріне ғана қолжетімді.

«Шектеудің қолданылу мерзімі шектелмеген, бірақ қажет болған жағдайда оны кез келген уақытта алып тастауға болады», — делінген хабарламада.

Қызметті eGov.kz порталы арқылыда алуға болады, ол үшін:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Кеден және салықтар» бөліміне өтіңіз;
  • тізімнен «Экономика және қаржы» бөлімін таңдап, «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» қызметін таңдаңыз;
  • қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз;
  • көрсетілетін қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады.

Перейти к новостям спорта