Қазақстандықтар ұлтын қаншалықты жиі өзгертеді? - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар ұлтын қаншалықты жиі өзгертеді?

Қазақстандықтар ұлтын қаншалықты жиі өзгертеді?

Статистикаға сәйкес, сирек кездесетін жағдайлардың ішінде екінші орында – жеке тұлғаны анықтау туралы өтініштер тұр (700 өтініш), ал үшінші орында – туған күні мен туған жерін өзгерту туралы өтініштер (500 өтініш).

  • 4 Қараша
  • 85
Фото: mediaworld.kz

Бірінші кредиттік бюроның дерегінше, биылғы тоғыз айда қазақстандықтар жаңа жеке куәлік пен паспорт алу үшін шамамен 2,2 миллион өтінім берген, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталының тілшісі.

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында, ҚР ІІМ деректері бойынша, ұлтын өзгертуге байланысты құжат беру үшін 2272 формуляр рәсімделген. Бір формуляр бірден екі құжатқа толтырылуы мүмкін, сондықтан «бір формуляр = бір адам» деп алайық. Сәйкесінше, жыл басынан бергі 39 апта ішінде орта есеппен аптасына шамамен 58 азамат осындай шешім қабылдаған.

Қазақстандықтар нақты қандай ұлттан қандай ұлтқа ауысатыны туралы мәлімет, өкінішке қарай, анық емес. Алайда аймақтар бойынша бөлініс бар: соған қарасақ, ұлтты өзгертуге деген қызығушылық Алматы тұрғындары арасында жиірек байқалады: қаңтар-қыркүйек айлары бойынша қаланың әр 10 мың тұрғынына шаққанда 2,5 формулярдан келеді. Мысалы, Астанада бұл көрсеткіш шамамен 2-ге жуық, ал ҚР бойынша жалпы деңгей — 10 мың адамға шаққанда шамамен 1,1 формуляр.

Қазақстандықтар тағы қандай себептермен жаңа құжат алуға жүгінгенін иллюстрациядан көре аласыздар.

Жалпы, соңғы 10 жылда Қазақстанда 41 мыңнан астам адам өз ұлтын өзгертуге өтініш берген. Бұл туралы Todayinfo.kz inbusiness.kz-ке және ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

Ресми статистика

2014–2024 жылдары барлығы 41 545 қазақстандық паспорттағы немесе жеке куәліктегі «ұлт» бағанын өзгертті. 2024 жылы мұндай өтініштердің саны 2 158 адамға дейін азайған.

Ең жиі кездесетін өзгерістер:

-«орыстан» — «неміске» (743 адам),

-«өзбектен» — «қазаққа» (354 адам),

-«орыстан» — «украинға» (300 адам),

-«украиннан» — «орысқа» (246 адам).

-«Орыстан» — «қазаққа» ұлттық сәйкестігін өзгерткеңдер саны бар болғаны 11 адам болды.

Неге өзгертеді?

Кейбір азаматтар бұл қадамға шетелде оқу, көшу немесе халықаралық қысымнан сақтану мақсатында барады. Мысалы, Астаналық Алексей Меркушев қызының құжатта өзін «қазақ» деп жаздырғысы келгенін, бірақ ЦОН мамандары ата-анасының ұлтына ғана тіркеуге болатынын айтып, «неміс» деп рәсімдегенін жеткізді. Ал Виктор Каргинов Ресейге қатысты теріс көзқарасқа байланысты ұлты мен фамилиясын өзгерткісі келгенін мәлімдеді.

Заң және Конституция түсіндірмесі

ҚР Конституциясының 19-бабы бойынша әр азамат өз ұлтын көрсетуге немесе мүлде көрсетпеуге құқылы.

ІІМ: «Ұлтын өзгерту — тек ата-анасының ұлтының шеңберінде ғана мүмкін, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарына ерекше жағдай қарастырылған».

Конституциялық соттың 2025 жылғы шешімі: қазіргі заңнама азаматтың өзіндік сәйкестендірілуін ескермейді. Сондықтан Үкіметке қазан айына дейін заңға өзгерістер енгізу тапсырылды. Болашақта заңнамаға түзету енгізілсе, қазақстандықтар ата-анасының ғана емес, ата-бабасының немесе өзін тәрбиелеген адамның ұлтына жазыла алады. 2021 жылғы халық санағы бойынша, Қазақстандағы 129 мың орыс ұлтының өкілі «қазақ тілін» және басқа тілдерді «ана тілім» деп көрсеткен. Сарапшылардың пікірінше, егер құжаттағы ұлт бағанын өзгерту рәсімі жеңілдетілсе, ондаған мың адам осы мүмкіндікті пайдалануы мүмкін.

Перейти к новостям спорта