Қазақстанға эстон такси қызметі қайта келуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 491.71
  • 529.97
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға эстон такси қызметі қайта келуі мүмкін

Қазақстанға эстон такси қызметі қайта келуі мүмкін

2019 жылы біздің нарыққа келген бұл компания, тұрақтай алмаған еді.

  • 26 Тамыз
  • 7
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Көлік министрі Қарабаев айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Болттың өкілдері біздің нарыққа кіргісі келетінін жеткізген. Министрлік те оларды қолдауға дайын екен. Ал бірнеше жыл бұрын Мусин министр кезінде керісінше «бізде такси ашпаңдар, Яндекске бәсекелес бола алмайсыңдар» деген сыңайда әңгіме айтқан еді.

Қайта отандық бастамашыларды қолдаудың орнына мұндай сөздер лоббизм сияқты көрініп еді. Өйткені такси агрегаторлығы — үлкен бизнес, комиссияларынан млрдтар жиналады. Және маңызды бір нәрсесі — үлкен бигдата (мәліметтер қоры) бар бұл жерде.

Яндекске бәсекелес керек әрине. Bolt 2019 жылы келіп, тұрақтай алмады. Ең үлкен қатесі — карта еді. Олар Гугл карта қолданды. Ал ол кезде Гугл картасы әлі нашар еді. Мекенжайлар, үйлер, ғимараттар толық нақтыланбаған болатын.

Ал қазір Вольт, Глово сияқты жеткізу қызметтерінің арқасында карта мықты дамыды. Яғни Bolt келетін болса дайын картаға келеді.