Қазақстанға келесі жылы 4 жолбарыс әкелінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға келесі жылы 4 жолбарыс әкелінеді

Қазақстанға келесі жылы 4 жолбарыс әкелінеді

Елімізде биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы жұмыстар күшейтіліп жатыр

  • 19 Желтоқсан
  • 3
ФОТО: pixabay.com

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жыл қорытындысына арналған баспасөз брифингі барысында мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, биыл тиісті Тұжырымдаманы бекіту жоспарлануда.

Жалпы алғанда елімізде сирек кездесетін жануарлар түрлері: арқар, жейран, құлан және тоғай бұғысының саны артып келеді. Тұран жолбарысы мен Кертағы, яғни Пржевальский жылқысын қайта жерсіндіру бойынша ауқымды жобалар жүргізілуде, — деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар, министр Прага зообағымен бірлесіп, 2024-2025 жылдары 14 Кертағы жылқысы елімізге жеткізілгенін алға тартты.

2026 жылдың маусым айында тағы да 7–8 жылқыны әкелу жоспарланып отыр. Ресей Федерациясымен уағдаластық бойынша Жолбарысты қайта жерсіндіру бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2026 жылы 3–4 жолбарыс әкелу күтілуде, — деді Ерлан Нысанбаев.

Перейти к новостям спорта