Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Еске сала кетейік, биыл қаңтарда елімізге оң жақтағы көліктерді бөлшектелген түрде әкелуге уақытша тыйым салынған еді.
«Рулі оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына бөлшектелген түрде алты ай мерзімге әкелуге тыйым салу енгізілсін», — делінген жаңа бұйрық мәтінінде.
Бұйрықтың түсіндірме жазбасында, жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де салдары қарастырылмағаны айтылған.
Жоба 2 тамызға дейін көпшілік назарына талқыға ұсынылып отыр.
Айта кетсек, былтыр елімізге рулі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынатыны туралы хабарланған еді.