Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Көлік министрілігінің азаматтық авиация комитеті жаздың бірінші күнінен бастап жаңа әуе компаниясының алғашқы рейсін жасайтынын хабарлады.
«Биыл 1 маусымнан бастап Қазақстанның әуе тасымалдау нарығына Біріккен Араб Әмірліктерінің «Air Arabia Abu Dhabi» жаңа әуе компаниясы кіреді. Қазақстан мен БАӘ арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек», — делінген ресми хабарламада.
Жаңа компания «Абу-Даби – Алматы» бағыты бойынша аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері тікелей рейстерін орындауға мүдделі.