Қазақстаннан көшкісі келетін халықтың саны азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстаннан көшкісі келетін халықтың саны азайды

Қазақстаннан көшкісі келетін халықтың саны азайды

Қазақстан 1991 жылдан бергі ең төменгі көрсеткішке қол жеткізді. Елімізден көшетіндер саны азайды.

  • 12 Ақпан
  • 9
Фото: rbc.ru

Қазақстаннан көшіп кеткендер саны еліміздің жаңа тарихындағы ең төменгі деңгейге жетті, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша, 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ҚР-дан басқа мемлекетке тұрақты тұру үшін шамамен 12,8 мың адам көшіп кеткен. Бұл өткен жылға қарағанда 20%-ға аз. Қазіргі көрсеткіші – тәуелсіздік алғаннан бергі, яғни 1991 жылдан бергі ең төменгі деңгей.

Аталған кезеңде Қазақстанға тұрақты тұру үшін көшіп келгендер саны 29,9 мың адамнан асқан, өткен жылға қарағанда 18%-ға көп. Бұл тарихи рекорд болмаса да, мұндай жоғары көрсеткіш соңғы рет 2011 жылы тіркелген еді.

Осылайша миграция сальдосы – келгендерден кеткендер санын алғанда – екінші жыл қатарынан оң нәтиже көрсетіп отыр. Бұл жолы 17,2 мың адам шамасында болды. Бұл 2006 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш, дегенмен айта кету керек, 2012-2022 жылдар аралығында сальдо жыл сайын теріс мәнді көрсетті: Қазақстаннан тұрақты түрде тұруға көшіп кеткендер саны келгендерден асып отырды.

Өткен жылы адамдар қайда көшіп кетті? Көбісі Ресейге (10 адамның 7-еуі), сонымен қатар Германияға да белсенді түрде көшкен (16%).

Ал қайдан келді? Көбінесе Өзбекстаннан (10 адамның 4-еуі) және тағы да Ресейден (иммигранттардың 27%-ы). Қытай (7%) мен Моңғолиядан да (5%) белсенді түрде көшіп келген.

Перейти к новостям спорта