Қазақстанның 2 қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның 2 қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

Қазақстанның 2 қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

Ескерту бірнеше қалаға жасалды

  • 6 Қыркүйек 2024
  • 22
Фото - Caravan.kz

Қазгидромет Алматы тұрғындарына тағы да ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2024 жылдың 6 қыркүйегінде Ақтөбе және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Перейти к новостям спорта