Қазақстанның білім дипломдары әлемнің неше елінде жұмысқа тұруға жарамды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.61
  • 534.53
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның білім дипломдары әлемнің неше елінде жұмысқа тұруға жарамды

Қазақстанның білім дипломдары әлемнің неше елінде жұмысқа тұруға жарамды

Ғылым және жоғары білім министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта Қазақстанда берілген білім дипломдары әлемнің неше елінде жұмысқа тұруға жарамды екенін мәлім етті.

  • 27 Тамыз
  • 5
Фото: Мұхтар Холдорбеков/ Kazinform

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан Лиссабон Конвенциясын ратификациялады. Бұл конвенцияға қол қойған 55 ел (45 еуропалық ел мен Еуропа Одағына кірмейтін 10 елдің, оның ішінде АҚШ) бір-бірінін оқу нәтижелерін тануға келісті. Аталған құжат Қазақстанда аккредиттелген жоғары оқу орындарында білім алған азаматтарға дипломды нострификациялауға (ресми теңестіруге) мүмкіндік береді және нәтижесінде оларды оқуын жалғастыруға немесе жұмысқа орналасуға пайдалануға мүмкіндік береді», — деп жазылған министрлік мәліметінде.

Сондай-ақ ведомство мамандары Қазақстан бюджетінің көмегінсіз филиалын ашқан шетелдік университеттерді атады. Олар мыналар:

1. Де Монтфорт Қазақстан (инвесторлардың қаржысы)

2. Экономика Университеті (Польша) Шәкәрім университеті базасында (ақылы оқу)

3. Ковентри Университеті (инвесторлардың қаржысы)

4. Лу Бань шеберханалары (Кытай тарабының қаржысы)

5. Жасанды интеллект мектебі (Оңтүстік Корея тарабының қаржысы).