Қазақстанның сұрауы бойынша Германияның Фюрт қаласында халықаралық іздеуде жүрген Д. ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, Германияның құқық қорғау органдары іздеуде жүрген адамды анықтап, қамауға алған.
Tengrinews.kz дереккөзінің мәліметінше, ұсталған адам — Мақсат Дүйсенов.
Еске салайық, бұған дейін ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланғанын растады.
