Көзді ашып-жұмғанша Қысқы олимпиада ойындары да келіп жетеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бір жарым жылдан кейін Италияда өтеді. Қазақстан қысқы олимпиада ойындарында жалпы 1 алтын, 3 күміс, 4 қола алыпты. Соның ішінде 4 медальді (1 алтын, 2 күміс, 1 қола) шаңғы жарысынан алған екен. Бір сөзбен айтқанда қысқы олимпиаданың “боксі” сол шаңғы екен біз үшін.
2026-ға дайындық қалай екен? Бейжіңде түксіз қайтқанбыз, Пхенчханда бір қоланы қоржынға салып едік.
Жалпы ең сәтті қысқы олимпиада біз үшін 1994 жылы өткен Лиллехаммер ойындары екен. 29 ғана спортшы апарып, 1 алтын мен 2 күмісті олжалап, 12-орынға жайғасыппыз. Содан бері 30 жыл өтті. Одан кейінгі қысқы ойындарда әлдеқайда көп спортшы апарғанбыз, алайда Лиллехаммер нәтижесін қайталай алмадық.
«Қары қалың, қысы аязды шығыста балалық шағым өтті. Шана, шаңғы теуіп өстік. Қысқы ойындарды сүйсіне қараймын. Бір жарым жыл уақыт қалды», — деді саясаттанушы Асхат Қасенғали.