«Қазақтар футболға арналмаған, атын шауып жүре берсін»: ресейлік экс-футболшы ұлтты мазақ қылды - kaz.caravan.kz
  • $ 516.13
  • 538.01
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақтар футболға арналмаған, атын шауып жүре берсін»: ресейлік экс-футболшы ұлтты мазақ қылды

«Қазақтар футболға арналмаған, атын шауып жүре берсін»: ресейлік экс-футболшы ұлтты мазақ қылды

Қазақстанның ресми билігі бұл айыптауларға әлі пікір білдірген жоқ.

  • 27 Қаңтар
  • 39
Фото - Caravan.kz

КСРО құрамасының бұрынғы футболшысы Владимир Пономарев «ВсеПроСпорт»басылымына берген сұхбатында Станислав Черчесовтің Қазақстан құрамасының бас бапкерлігінен кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Шағын сұхбатта ол Қазақстан мен қазақ ұлтына қатысты балағат сөздер айтып, келеке еткен.

Еске салсақ, Черчесов 27 қаңтарда екі тараптың өзара келісімімен қызметінен кетті. Ол бұл лауазымды небәрі жарты жылдай ғана атқарған.

«Черчесов — өте сапалы, білікті бапкер. Сол ақымақ Қазақстанға не үшін барып жүр? Ол жақта ешқашан жақсы футболшылар болмаған. Неге барғанын түсінбеймін. Черчесов Венгрия мен Польшада табысты жұмыс істеді. Ол Қазақстандағы мынадай ойыншылармен ешқандай да табысқа жете алмас еді. Оларға футбол ойнауды үйрете алмайды ғой. Қазақтар бұл ойынға арналмаған. Одан да сол аттарымен шауып, допты таяқпен ұрып жүре берсін. Өздерінің сондай ойындары бар. Одан қалды, қойды бір-біріне лақтып жүрсін. Футбол қазақтарға арналмаған. 

Черчесов қазір РПЛ-ге оралса болады. Жақын арада оны біреу міндетті түрде шақырады деп ойлаймын. Екі қолымды көтеріп қолдаймын. Ресейде жұмыс бар, оның үстіне жақсы футболшылар да аз емес. Черчесов өзін дәлелдеген, құрамада да өнімді жұмыс істеді, мінезі де бар. Черчесов – өте қатал бапкер, біздің бауырымызбен басқаша сөйлесу мүмкін емес. Бапкер болсам, мен де ақымақтарды жерден алып, жерге салушы едім. Ойнап жүргенде біз де ақымақ болдық», — деді Пономарев.

Қазақстан футбол федерациясы да, Сыртқы істер министрлігі де, Туризм және спорт министрлігі де әзірге Пономаревтің бұл айыптауларына қатысты пікір білдірген жоқ.

Screenshot