"Қазақтар легионерлердің басын жарған": Қазақ балуаны легионерлерге қатысты сұмдық оқиғамен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.45
  • 598.59
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақтар легионерлердің басын жарған": Қазақ балуаны легионерлерге қатысты сұмдық оқиғамен бөлісті

"Қазақтар легионерлердің басын жарған": Қазақ балуаны легионерлерге қатысты сұмдық оқиғамен бөлісті

Еркін күрестен Азия ойындарының, Азия чемпионатының қола жүлдегері және Лондон олимпиадасының қатысушысы Ермек Байдуашев ұлттық құрамада өнер көрсеткен шағын еске алды.

  • 22 Мамыр
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Ақарыс Сейітқазыға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Палуанның айтуынша, ол кездегі бас бапкерлер легионерлердің сөзін сөйлеуге мәжбүр болған.

«Кішкентай кезімнен спортқа құмар болдым. Ұлттық құрамаға кірмей жүргенде Қазақстанда легионерлер көп екенін естідік. Соған дайын болып келдік. Ол кездегі атмосфера маған ұнамайтын. Мен бас бапкерлерді кінәләмаймын. Балық басынан шіриді демекші, жоғары жақтан, яғни министрден, комитеттерден ешқандай спортшыға қызығушылық болмаса, мен кінәләй алмаймын. Мен де қазір мемлекеттік қызметтемін. Қазір біліп тұрсам да менің сөзім өтпейді. Ол заманда да тура сондай болған. Министр ақ нәрсені қара деп айт десе, солай айтқан. Әлем чемпионатына бармасақ та шығарып саламыз, оқу-жаттығу жиындарында боламыз. Ол кезде намысқа тигені міндетті түрде 7 салмақтың 4-5 легионер болатын. 2010 жылға дейін 50/50 болып жүрдік. Жалпақ тілде айтқанда легионерлер бізді менсінбеді. Бізбен сөйлеспейтін. Шетелде болсын, Қазақстанда болсын бізбен бір көлікте жүрмейді, бір дүкенге кірмейтін. Өздері жиналып алатын. Қазақпен легионер сөзге келіп қалса, ағайлар солардың сөзін сөйлейтін. Мүмкін, солай да дұрыс шығар. Қазақ көтерілсе арты жаман болып кетуі мүмкін. Бізді басып отырды. Солардың сөзін сөйледі. Түсінбегендер ағайды сыртынан жамандап, түрлі сөздер айтты. Түсінгендер оның амалсыздан жасалғанын түсінді. Біз де оларды амалсыздан қолдағанын енді түсініп отырмыз ғой», — дейді ол.

Сондай-ақ, Ермек Байдуашев легионерлер мен жергілікті спортшылар арасында жантүршігерлік төбелестер болғанын да жасырмады.

«Естулеріңіз бар ма білмеймін біздің қазақтар легионерлерді ұрған жағдайлар болған. Легионерлер қашқан, таяқ жеген, біреулерінің басын жарған. Содан сондай жағдай қайталанбасын, резонанс болмасын деп бізді басып отырған. Қазір қарап отырсақ өте дұрыс. Спорт уақытша ғой. Солардың бәрімен дос, бауыр болып кеттік. Ол кезде қызуқанды болдық, орынға таластық. Бірақ, шын ұтылып қалсақ жәйдан жәй тиіспейтінбіз», — дейді ол.