"Қазақтарда жастар бөлек, отауда тұрған, келін әке-шешемен бірге тұруы керек" деген дәстүрді бұрмалау": Тарихшы жас келіннің ата-енемен бірге тұруына қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 521.9
  • 593.5
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақтарда жастар бөлек, отауда тұрған, келін әке-шешемен бірге тұруы керек" деген дәстүрді бұрмалау": Тарихшы жас келіннің ата-енемен бірге тұруына қарсы шықты

"Қазақтарда жастар бөлек, отауда тұрған, келін әке-шешемен бірге тұруы керек" деген дәстүрді бұрмалау": Тарихшы жас келіннің ата-енемен бірге тұруына қарсы шықты

Белгілі тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты Салтанат Асанова жас отбасының әке-шешемен бірге тұруына қарсы шықты.

  • 13 Ақпан
  • 120
Instagram/ qalam.global

Ол қазақ халқында мұндай дәстүр болмағанын алға тартты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Тарихшы өз ойын QalamHistory YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Жастардың әке-шешемен бірге тұруы керек деген ол дәстүрді бұрмалау. Себебі, қазақтарда жастар ежелден бері өздері бөлек, «Отау» деп аталатын жерде, бөлек тұрған. Сондықтан қазақтардың ешбірі ата-енемен бірге тұрмаған, бір-бірін сыртқы киімнен бөлек киіммен көрмеген.

Сосын баланы босанған соң екінші күні келінді ауланы сыпыру, үй жинау, қыста сиыр саууға жұмсаудың бәрі бұрмаланған дәстүр деп толық айта аламын. Келінге, әсіресе келін боп түскеннен кейінгі бірінші жылда оған ерекше құрметпен қараған. Мысалы, жас босанған келін 40 күнге дейін тіпті киіз үйден шықпаған.

Оның баласын да ешкімге көрсетпеген. Бәрі оны жан-жақтан күткен. Ол тек байсалды, парасатты адамдармен ғана тілдескен. Тіпті, бала ең алғаш рет қимылдай бастағанда, оның жанында осындай текті адам болғанын қалаған, себебі бала сол адамға тартады деген ырым болған», — деді ғалым.