Бұл туралы ол «Бірінші бол» You Tube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«2012 де Илья чемпион болды, сол кезде тексерген кезде таза шықты. Бірақ, олимпиаданың алдында жаңадан шыққан аппаратпен 2008-ден бергі спортшылардың бәрін тексерген. Сол кезде біраз спортшыдан анықталған. Негізі допингтан ұсталсаң, спорттан 4 жылға шеттетеді. Егер өзің мойындасаң 3 жыл екен. Біз допинг қолданған жоқпыз, өзімізге сенімдіміз. Содан кейін дәлелдеу керек болды. Федерацияға алғысым шексіз, 1 жылға жуық күресіп, өзіміздікін, кінәлі емеспііз деп дәлелдеп шықтық. Сөйтсек бір витаминнің ішінен анықталыпты. Мені спорттан 18 айға шеттетті. Сол үшін еңбек далаға кетпесін деп ондай нәрсеге жоламаймыз. Кеше қанымыздан, зәрден алынған барлық талдаулар таза шықты. Менің мақсатым легионерсіз де, допингсыз де қазақ чемпион бола алатынын дәлелдеу, жастарға үлгі көрсету. Менің ойымша, биліктегі азаматтар допинг тексеретін ұйымдармен жақсы қарым-қатынаста болу керек. Негізі біз олимпиадада біз таза болдық. Менің ойымша, біреу біздің жолымызды кескен сияқты. Біз ішіп жүрген витамин 2022 жылы әлем чемпионатында таза шығамыз да, дәл олимпиаданың алдында Азия чемпионатында таза болмай қаламыз. Олимпиада бітеді, біз спортқа ораламыз. Бізді шетімізден алып отыр. Саяси дүние секілді. Қазақтардан қорықты ма?!», — дейді ол.
Шымкенттік спортшы допинг дауы болған кезде қаржыдан қиналғанын да жасырмады.
«Спорттан шеттетілген кезде федерация көмектесті. Бірақ айлығымыз азайып, кейіннен мүлдем қаражатсыз қалдық. Отбасым да көмектесті, бірақ ешкімге салмақ салғым келмей, такси де болдым. Адамдар танып қоятын. Киімдер сатып, ақша табуға әрекет жасап жүрдім. Басқа жарыстарға қатысып, форма сақтап жүрдім. Спортқа қатты қуанышпен оралдым», — дейді ол.