“Қазақтелеком” мен ұялы байланыс операторларына тергеу жүріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 511.92
  • 588.91
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қазақтелеком” мен ұялы байланыс операторларына тергеу жүріп жатыр

“Қазақтелеком” мен ұялы байланыс операторларына тергеу жүріп жатыр

“Қазақтелеком” мен ұялы байланыс операторларына тергеу жүріп жатыр

  • 22 Мамыр
  • 9
ФОТО: baq.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов мәлім етті, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, агенттікке ұялы байланыс пен интернет қызметтері бағасының өсуіне байланысты азаматтардан көп шағым түсіп жатыр. Осыған байланысты бірнеше бағыт бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп келеді.

Сымды интернет нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жоспарлы талдау жүргізу барысында «Қазақтелеком» АҚ тарапынан үй интернетіне монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері анықталды. Қазіргі таңда осы факті бойынша тергеу жүріп жатыр, – деді Сәмбетов.

Бұдан бөлек, ұялы байланыс операторларына қатысты да тергеу басталған.

2024 жылы жүргізілген мониторинг нәтижесінде ұялы байланыс операторларының тарифтерінде де монополиялық баға белгілеу белгілері байқалды. Қазір заң талаптарына сәйкес нарыққа талдау жүріп жатыр. Егер бұл талдау бағаның негізсіз екенін дәлелдесе, тергеу қайта басталады, – деді агенттік өкілі.