Қазақтың бір қызы кино түсіргенін қолдаудың орнына , жерден алып, жерге салып жатырсыңдар - Айгүл Елшібаева - kaz.caravan.kz
  • $ 523.58
  • 549.71
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың бір қызы кино түсіргенін қолдаудың орнына , жерден алып, жерге салып жатырсыңдар - Айгүл Елшібаева

Қазақтың бір қызы кино түсіргенін қолдаудың орнына , жерден алып, жерге салып жатырсыңдар - Айгүл Елшібаева

Дариға Бадықованың видеосы әлі де қызу талқыланып жатыр.

  • 4 Желтоқсан
  • 12
Фото: коллаж caravan.kz

Бұл жолы белгісіз ер азамат өнер иесінің киносына бармаңдар деп, қоқан-лоқы көрсетіп, қазақтың киносына бармай, шетелдің туындыларын әрі қарай көре беретінін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Аталмыш видео әлемжеліде тарап кетті. Актирасының өнерін сүйетін қоғам белсенділері қоладауларын білдіріп жатыр. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші-жыршы Айгүл Елшібаева өзінің парақшасында жазба жариялады.

«Мына видеодағы жігіт, елге жар салып қолыңа түкіріп тылағыңды шығаратындай қазақтың киномотографиясына үлес қосып жүрген Дариға Бадықовадан не қорлық көрдің?

Саған Дариғаның кінәсі күзет алып жүргені ма? Тойда ішкені бар, ішпегені бар, жұлқылап суретке түскесін, сақтанғаны шығар? Батырға да жан керек деген.

Қасқау, Голливудың қай қазақтың тарихын киноға түсіріп рухыңды оятып, қазақ болып туғаныңа қуандың? Моана мультфилімі қазақтың қай тарихына қатысы бар? Моанаң мұхитта өмір сүрген , біз далада өскен, мұхитпен шектеспеген сухапутный халықпыз, тарихи байланысын көріп тұрғаным жоқү

Тарихи кино түсірсін дейсің. Тука айтпақшы менде бары 2-клип дегендей, Дариғаның түсіргені екі кино ғой. Қазір ішкен -жегенін , барын мақтанып салған аккаунтардың көп қаралым жинайтыны рас. Дариға бренд көрсетпесе, парақшасын қарайсыңдар ма? Оқырмандар өтірік деңіздерші?

Дариға тапқанын басып жейтін құзғын емес, тапқанын шашып жейтін сұңқар қыз. Екінші киносын бірінші киносының кассасына түсіріп отырған жоқ па? Дариға шындаса тарихи кино да түсірер.

Талатты режиссёр-Болат Атабаевтың шәкірті. Болат аға басқа да рөлдерді ойна деп ескертіп кеткен еді. Келін сериалы ұзақ сериалдан көзімізде Айсара рөлінде қалып қойды. Сериалдың қызығы, ел Айсара бүгін не бүлдіреді деп қарайтын еді. Ол да Дариға Бадықованың өз рөлін шебер сомдауы емес пе?

Қазақтың бір қызы кино түсіргенін қолдаудың орнына , жерден алып, жерге салып, үйіңнен шығарып желкелеп киноға барыңдар деді ме? Қазақтың талантты актрисасына, шығармашылық жолындағы өнер адамының киносына бармаңдар деп, қоқан-лоқы көрсетуге еш құқығың жоқ.

Кезінде кеңес өкіметі кезінде санаулы көретін киномыз ғана болды. Дариғаның «Таптым-ау» сені киносын көрермен қазақ тұрмысы, өмірі , шындығы жатыр деп бағалауда. Рөлді шебер сомдайтын, Олжас екеуі де талантты өзі ісінің мамандары. Барды бағалай білейік. Барды жоқ қылу оңай.

Мен үшін қазақ кино өнеріндегі кешегі Әмина Өмірзақова, Сәбира Майқанова апаларымызды елестететін актриса ол-Дариға Бадықова», — деп жазды өнер иесі.