Қазақтың көбі неге күндес келеді? - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың көбі неге күндес келеді?

Қазақтың көбі неге күндес келеді?

Күндестігін алып тастасаң неге жағымпаз болып кетеді? Япыр-ай! 

  • 11 Сәуiр
  • 48
Фото: Көкбөрі Мүбарактың парақшасынан

Тарихшы Көкбөрі Мүбарак қазақтың осы қасиетін ауа райымен байланастырды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Жаңбыры аз, қағыр жердің адамдарының күндестігі, көре алмастығы күшті болады. Құдайшылдық, Құдайдан сұрауы жоғары болады. Өзін құрбан ете салудан тайынбайды. Дөрекілікті әділетшілдік деп ұғады. Ақындық тез дамитын жер. 

Жаңбыры аз, ыстық болсада топырағы ылғал жердің адамдарына кіріс үйір, пайда табудың жолы оңай келіп тұрады. Аса қабілетті болмасада тез арада мүлік жинай бастайды. Ол өмір сүретін жердегі құрт-құмырсқа, бақа-шаянның ырзыдығы мен тілеуінің сәулесі адамдарына да түсіп тұрады. Мұндай жерде шаян рухы қонған адамдар көп болады, яғни мағынасыз, ұсақ жанжал көп. Осындай жерде өмір сүрген адамдар үй ішіне кірген шаянды, жыбырдақты жібермей өлтіріп отырса үйіне пәлекет жоламайды. Үйін, ауласын жол еткен құмырсқаға дән шашып отыруы керек, жолын тоспауы, зәбір жеткізбеуі тиіс. Мұндай жердің шаян, құмырсқасың үйге кіре алмауы мүмкін емес. Мұндай жердің адамының қанына ақындық та, қара сөз де толығымен жұқпайды. Онымен шұғылданса мол кірісі беретін болса ғана қатты мән беріп, тез табысқа жетеді. 

Жаңбырлы жердің адамдарының жүйкесі барынша тыныш келеді. Бір-бірін бағалауы жоғары, Құдайшылдығы жоғары емес, Құдайдан сұрауды емес, ойға алған ісін жай ғана ақырын отырып бастап кетуді қолға алады. Өзін құрбан ету жайлы көп ойлана бермейді. Дөрекілікті басы артық әуре деп ұғады. Ақындықтан көрі, тыныш қара сөздің отаны. 

Әдепсіздік, боқтампаздық ағашы аз жерде көп болады. Жері қоңыржай, салқын бола тұра, жері тазығыр болса мұндай жердің адамдарының потенциалдық қуаты күшті болады. Бірақ, әдепке көңіл бөлмейді. Кедейшілікті сезінбейді, ебін тауып жей береді. Бұл жерде шаян тектес жәндіктердің рухы қонған ұсақ жанжалға үйір адам аз болғанымен, томаға тұйық, байланысты нашарлатып алатын адамдар көп шығады. 

«Бәрін айт та, бірін айт. Бәріміздің үйіміздің шатырынан жаңбырдың тырсылдаған музыкалық үні естіліп тұруы керек. Осы жаңбырды селге айналдырмай сіңіріп әкететін есігіміздің алдында құнарлы топырақ болсын. «Бәр-бәріңе қыз қайда, Жарым-жартың ешкі айда» демекші, бәрімізге Ново-Сібір мен Гавайидың табиғаты қайда?! Қазақстанның көптеген жеріне денсаулығымызға ең пайдалы климат сәуір айында келеді. Бір-бірімізді бағалап, мінімізді термей, бір мүмкіндігі артық адамға жағымсымай, мейірімді сүйіп күн кешейік! Бүкіл проблемамыздың себебі үкімет емес, ол емес, мен емес», — деп жазды тарихшы.

Бүкіл проблемаңыздың себебі — Жүйкеңізде.