"Қазақтың жауы қазақ": Тұрсынбаева өзін "алаяқ" деп айыптағандарға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.57
  • 566.59
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақтың жауы қазақ": Тұрсынбаева өзін "алаяқ" деп айыптағандарға жауап берді

"Қазақтың жауы қазақ": Тұрсынбаева өзін "алаяқ" деп айыптағандарға жауап берді

Бірер күн бұрын отандық желілік маркетинг компаниясын ашқан Айнұр Тұрсынбаева өзін сынағандарға жауап берді.

  • 6 Ақпан
  • 36
Фото: turkistan.today

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оның айтуынша, ертеректе сұңғыланың тамырын тонналап әкеткен орыс пен қытайға ешкім ештеңе демеген.

«Кейбір сайттар «Тұрсынбаева тонап жатыр» деп шулатып жатыр екен… Мен Ақсуатта туып, Мойынқұмда өскен қызбын! Кішкентай кезімнен қасиетті сұңғыланың тамырын қытайлар тонналап әкетіп жатқанын көзімізбен көрдік! Бірақ «Қытайлар бізді тонап жатыр» деп бір адам айтты ма?! Жоқ! Сол тамырдың қызығын өзіміз көрейік деп завод соқтық. Қырғын техниканы әкеліп орнаттық. Тамырдан емдік шәй жасап шығардық. Бүкіл ауруға ем сұңғыла! Бірақ біз тонаушы болып шыға келдік. Логика қайда????

8 жыл Ресей компаниясында жұмыс істедік. 100 мыңға жуық адам болды командада. Табыстың басым бөлігі Ресейге кетіп жатты. Бірақ бір де бір сайт «Орыстар бізді тонап жатыр» деп жазды ма?! Жоқ! Гербалайф Қазақстанда 30 жыл үздіксіз жұмыс жасады. «Бізді Америка тонап жатыр» деген бір қазақ болды ма?! Жоқ!!!

Заңды түрде тіркеліп, барлық өнімімізді сертификаттап, заңды түрде стандартқа сай ең мықты өнімдерді жан-жақтан жинап отандық желілік компанияны аштық! Қасыма сіңлім мен бауырымды қосып алдым. Сонау Кореядан, Түркиядан, Қытайдан серіктестер келіп не деген керемет кеш болды деп риза болды! Қазақтың жауы қазақ!!! Аяқтан шалып, құлатуды білеміз! Сөзбен сындырып жылатуды білеміз!», — деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Айнұр Тұрсынбаеваның желілік маркетинг компаниясын ашқанын жазған едік.