Қазақтың жігіттері әйелдің образына кіруге неге сонша құштар болып кеткен? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың жігіттері әйелдің образына кіруге неге сонша құштар болып кеткен?

Қазақтың жігіттері әйелдің образына кіруге неге сонша құштар болып кеткен?

Біреулер қазақ жігіттерін «әйелге» айналдыру үшін, патриоттық сезімді, ұлттық намысты, жігіттік рухты жоғалту үшін жымысқы саясат жүргізіп жатқан сияқты.

  • 2 Мамыр
  • 10
Фото: Жаңа Қазақстан арнасынан алынған

Бұл пікірді Ляззат Дүйсенбекова білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Кейбір арналарды ашсаң, әйелдің киімін киіп, боянып алып, ырбаңдайды да отырады.

Өздері сенбі, жексенбі күндері тіпті қаптап кетеді. Кейбірі тіпті әйел болып, жатын бөлмеде төсекте жатады.

Осыларды көбейтудегі, насихаттаудағы телеарналардың мақсаты қандай екен? Маған кейде біздің телеарналардың бірқатары ұлттық мүддеге қарсы жұмыс жасап жатқандай болып көрінеді.

Бала кезімізде ауыл ақсақалдары «Әйелдің киімін киген еркек лағнет» деп отырушы еді. Сол кезде «Кимеймін, қыздікі сияқты» деп әке-шешесінің сатып әкелген киімін кимей қиғылық салып жатқан кішкене балаларды да көруші едік.

Студент кезімде қызыл футболка киген жігітті көріп қатты таң қалып едім, «Қазақтың жігіттері де қызыл түсті киім киеді екен-ау» деп. Қазір спорттық үлгідегі киімдер әр түсте бола беретін болды. Қызыл футболка жолда қалды, жігіттеріміз қуырдақтың көкесін көрсетіп жатыр.

Біреулер қазақ жігіттерін «әйелге» айналдыру үшін, патриоттық сезімді, ұлттық намысты, жігіттік рухты жоғалту үшін жымысқы саясат жүргізіп жатқан сияқты.

Бір өкініштісі, мүмкін біліп, мүмкін білмей, сол саясатты жүргізуге өзіміз де үлес қосып жатырмыз. Басқаны былай қойғанда БАҚ-ты да қолданып жатырмыз».