"Қазақтың жігіттері мүшеқаптың орнына қойдың ішегін қолданған": Хиджабтағы сексологтар не айтып жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 502.83
  • 545.37
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақтың жігіттері мүшеқаптың орнына қойдың ішегін қолданған": Хиджабтағы сексологтар не айтып жүр

"Қазақтың жігіттері мүшеқаптың орнына қойдың ішегін қолданған": Хиджабтағы сексологтар не айтып жүр

Әлеуметтік желінің қарқынды дамуымен бірге түрлі мамандық иелерінің де танымалдығы артып жатыр.

  • 6 Ақпан
  • 164
Фото - Caravan.kz

Солардың бірі халыққа дұрыс жыныстық қарым-қатынасты үйретіп, төсек мәселесін ұялмай, ашық талқылайтын — сексолог мамандар. Әсіресе, хиджабтағы сексологтардың жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптауы тұрпайы тенденцияға айналуда.

Осы ретте Caravan.kz медиа порталы «оранған сексологтар» мен олардың халыққа ұсынатын контентіне шолу жасап көрді.

Өзін 17000 әйелдің «төсек мәселесін шешкен» сексолог ретінде таныстырған Ақнұр Абуназар әлеуметтік желіде төсекте ләззәт алудың бірнеше жолымен бөлісіп жүр.

«Қыздааар, 5 бала тусамда оргазм алып көрмеппін деп келетін әйелдер өтеее көп алдыма. Ойлаңдаршы, қалай сен оргазмсыз көңілің толады төсекте?

Ал оргазм алудың құпияларымен бөлісейінші:

Алдын ала дайындалыңыз. Миыңыздан барлық проблеманы шығарыңыз. Бала-шаға сізсізде тамағын іше алады. Сізсізде аштан өлмейді. Өзіңізге рұқсат беріңіз. Расслабиться етіңіз.

Өзіңізді қабылдаңыз. Төсектің болуы фигураға қарамайды. Бала тұғасын ішім қалып қойды. Омырауым салбырап жатыр деген ойды алып тастаңыз.

Өзіңізге уход жасаңыз. Крем, духи, ванна қабылдау аса қиын дүние емес. Әдемі сексуалды іш киімдер алыңыз. Салбыраған көйлекпен ұйықтамаңыз.

Денсаулығыңызды күтіңіз. Оргазм ала алмау қан дұрыс айналмағаннан да болады. Су ішу керек. Жайау жүріңіз. Үйде 5-10 минут растяжка жасаңыз. Дұрыс тамақтануға тырысыңыз.

Ұялмаңыз! Төсекте ұялмайтын әйел тек күйеуіне ғана емес өзінеде оргазм сыйлайды. Ағаш болмай әр түрлі позаларды қолданыңыз», — дейді ол.

Tik Tok желісінде аты-жөні белгісіз сексологтың видеосы тарап жатыр. Ол ертеде қазақтың ер-азаматтары мүшеқаптың орнына қойдың ішегін пайдаланғанын мәлімдеген. Алайда, оның бұл тұжырымдаманы қандай дерекке сүйеніп айтқаны белгісіз.

«Баяғыда қазақтың жігіттері мүшеқаптың орнына қойдың ішегін пайдаланған. Ол кезде еуропалықтар енді мүшеқап шығарып жатса, біздің аталарымыз бір қойдың ішегін бес еркек бөліп алып, қолданатын болған. Ол біріншіден, әйел адамның денсаулығына зақым келтірмейді, екіншіден өзінің денсаулығына зиян болмайды», — дейді ол.

Дәл осы сексологтың айтуынша, ер адамның түріне қарап, оның жыныс мүшесінің өлшемін білуге болады.

«Кез келген еркектің мүшесін түріне қарап-ақ білуге болады. Саусығына, фигурасына, қарнына қарап біле аласың. Егер де ол арық, жіңішке адам болса, оның мүшесі жуан болмайды», — дейді ол.

Келесі сексолог — Анель Нұржаубаева. Ол Instagram желісінде төсек мәселелерін ашық талқылауды алғашқылардың бірі болып бастаған еді. Бүгінде «орамалды» сексолог интимді гимнастика мен интимді жаттығулар туралы көбірек айтып жүр.

«Қынапты тарылту жыныстық қатынасқа қалай әсер етеді?

1. Сезімталдылық бүкіл қынап бойымен көтеріледі.
2. Еркек мүшесі әйелге толығымен сезіледі. Содан ләззат алады.
3. Қынаптық/ішкі оргазм алынады. Тек сыртынан ғана емес, іштен оянады.
4. Басқа да оргазм түрлерін алу ықтималдығы көтеріледі. Бір түрін алып, басқаларын үйрену жеңіл болады.
5. Еркектің төсекке және әйеліне қызығушылық артады. Энергия көтерілген соң, әйеліне тартып тұрады.
6. Еркектің жыныс денсаулығы күшееді. Иә, қынаптың тонусы еркектің мүшесіне жақсы әсер етеді.
7. Екеуінің төсекке белсендігі артады. Гармондар, қан айналымы, көңіл-күйі артады», — дейді ол.

Кейбір желі қолданушыларының пікірінше, хиджабтағы әйелдерге белден төмен әңгіме айтқызып, исламды жеккөрінішті етіп көрсеткісі келіп отырған бір топ бар. «Белгісіз тұлғалар мен ұйымдар қаржыландыратын «орамалды сексологтардың» негізгі мақсаты да — ислам дініне сөз келтіріп, орамалдың қадірін кетіру», — дейді олар. Әрине, бұл нақты ақпарат емес, дегенмен аталмыш үрдістің артында қандай да бір нақты мақсат тұрғаны белгілі.