«Казцинк-Торпедо» бас жаттықтырушысының орны босады - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Казцинк-Торпедо» бас жаттықтырушысының орны босады

«Казцинк-Торпедо» бас жаттықтырушысының орны босады

«Казцинк-Торпедо» командасын таяу маңда жаңа тәлімгер басқарады. «Уральск турнесінен» қайтқаннан кейін команданың бұрынғы жаттықтырушысы Владимир Беляевке клубтан бірнеше лауазымдар таңдауға ұсынылды.

  • 6 Қазан 2010
  • 487
Фото - Caravan.kz

«Казцинк-Торпедо» ПКХ басшылығының осындай шешімге келуіне команданың В.Беляевтың басшылығы кезінде өте төмен көрсеткіштер көрсеткеніне қатысты болып отыр, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметінен.

Клубтың вице-президенті Юрий Петуховтың айтуынша, «Владимир Беляев жақсы азамат, үздік жаттықтырушы, дегенмен ол басқаратын команда алдарына қойылған міндеттерді орындай алмады».

«Казцинк-Торпедо» бас жаттықтырушысының орны әзірге бос, келіп жатқан резюмелер қарастырылуда. Үміткерлер арасында — өткен маусымда ангарлық «Ермак» командасын басқарған өскемендік Игорь Николаев пен «Сарыарқаның» бұрынғы жаттықтырушысы Олег Болякиндер бар.