Жарияланды: 600

"Kazenergy" жаңа Салық кодексінде жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу бойынша бірқатар мәселелерді қайта қарастыруды ұсынады

Астана. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Kazenergy" қауымдастығы үкіметке жаңа Салық кодексінің жобасына енгізілген жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу әдістемелерін қарастыруды ұсынады. Бұл туралы бүгін Салық кодексі жобасының тұжырымдамасын талқылауға арналған "дөңгелек үстел" барысында "Kazenergy" қауымдастығының атқарушы директоры Асқар Әубәкіров мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қосымша келісуді және жаңа Салық кодексінің жобасына енгізуді талап ететін бірқатар мәселелер бар", - деді А. Әубәкіров. Атап айтқанда, пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі шикі мұнайға 10 пайыз бен 30 пайыз аралығында болсын деп отырған үкімет ұсынысы іске асса компаниялардың бір бөлігінде салық ауыртпалығының коэффициенті Ресей компанияларының салық ауыртпалығының деңгейіне жақындайды. "Осыған байланысты салық ауыртпалығының қолдануға жарайтын деңгейін ұсыну үшін сіздерден пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесін 9 бен 30 пайыз аралығында орнатуға қолдау білдірулеріңізді сұраймыз... Барлығымыз Ресей тәжірибесін білеміз. Оның неге алып келгенінен де хабарымыз бар", - деп ескертті А. Әубәкіров. Ол сондай-ақ, салық ауыртпалығының коэффициентін есептеудің отандық және дүниежүзілік әдістемесінің негізгі айырмашылығын атап көрсетті. Ол бойынша салық ауыртпалығының коэффициентін мемлекеттік органдар қандай да бір шығындары ескерілмеген салық мерзімінде төленген соманың салық төлеушінің жалпы түсіміне қатынасы ретінде есептесе, әлемдік тәжірибеде салық ауыртпалығының коэффициенті немесе жалпыға тиімді салық мөлшерлемесі шығындар сомасын алып тастағандағы жалпы салық сомасының жалпы табыс сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть