Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Блогер өз ойын желідегі парақшасында жеткізді.
«Айғайлап, ашуға салынып, агрессиямен айтқым келіп тұрған жоқ. Перизат Байқошқарова ханым, сіз бізді емдеген жоқсыз. Сіз біздің операцияда болған жоқсыз. Бірақ сіз кабинетте әшейін, дәрігерлер отырған кезде айтатын әңгімені бүкіл әлеуметтік желіге бұрқ етіп айта салдыңыз.
Сол сіздің үлкен қателігіңіз болды. Себебі халықтың бәрі дәрігер емес және сіз: «Елдос сияқты ұрығы жоқ, бедеу жігіттер көп келеді. Бұл күнделікті жасалатын операция» деп. Біріншіден, операция жасалмай бедеу деген диагноз қойылмайды.
Дәрігер ретінде сіз оны біліп тұрсыз. Дәрігерлің құпия, медициналық этика деген нәрсе неге жоқ? Мен ол клиникада тегін емделген жоқпын, ел қатарлы ақшасын төледім. Жарнамаға деп келіскен жоқпын, мен шын ниетпен «от души» жасадым. Себебі, біз сияқты қанша отбасы бар, солар мықты дейтін дәрігерлерге барсын, мүмкін оларда да болып қала ма деген оймен, жарнама жасағанбыз.
Негізі сіз біздің дәрігер емессіз, бірақ біз туралы айтып жатырсыз. Айтсаңыз, бастан аяғына дейін түсіндіру керек еді. Елдосқа операция жасатқан жерлерде «бедеулік» деген диагноз қойған. Бірақ біз өзімізің аппарат, мықты докторлармен операция жасаған кезде ол бедеу емес екені анықталды. Ұрық табылды, яғни ұрық жүру жолдары қысылған, соның салдарынан деген сияқты толыққанды, ел түсінетін ақпарат айтуыңыз керек еді.
Сіз «Елдоста ұрық жоқ және сол сияқты жігіттер күнделікті келеді» дегенсіз. Бірақ оны халық қалай түсінеді? Тура сол айтқан жеріңізді кесіп алып, бүкіл әлеуметтік желіге таратып жіберген. Білікті маман, дәрігер ретінде мұндай ақпаратты бас-аяғы бар қылып айтуыңыз керек еді.
Сегіз жыл бұрын біз сізге диагнозды айтқан кезде, бала асырап алыңдар, пайда жоқ деп айтқансыз. Содан кейін біз мықты деген Байқошқаровалар бізге «пайда жоқ» дегеннен кейін біз шетелге бардық. Шетелдің бәрін аралап, айналып келіп қайта сіздердерге келдік. Себебі сіздерде мықты аппарат пен мықты дәрігерлер бар.
Қазір енді «Ойбай, Елдоста ұрық жоқ екен, қатыны қалай екіқабат болды» деп бүкіл ел шулап жатыр. Менің қазір әйелім жылап отыр. Нерв, стресс, депрессия, ол екіқабат, баланың денсаулығына әсер етеді. Сіздер ондаймен айналысасыздар ғой, білесіздер ғой», — деп ашуланды блогер.