“Қазір "айқайлап жүрген" кей адамдарға анимация емес, басқа нәрсе керек сияқты”: Азамат Сатыбалды өзін айыптағандарға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қазір "айқайлап жүрген" кей адамдарға анимация емес, басқа нәрсе керек сияқты”: Азамат Сатыбалды өзін айыптағандарға жауап берді

“Қазір "айқайлап жүрген" кей адамдарға анимация емес, басқа нәрсе керек сияқты”: Азамат Сатыбалды өзін айыптағандарға жауап берді

“Қазақфильм” киностудиясының президенті Азамат Сатыбалды өзін айыптаған анимация қызметкерлеріне жауап берді.

  • 23 Шiлде
  • 40
Screenshot

Бұл туралы ол Massaget.kz-ке берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Қазақфильм мен Қазақанимация жұмыскерлері жалақысын алып отыр. «Алтын адам» — бөлек жоба. Ол жерде адамдар келісімшартпен ғана жұмыс істейді. Қазақфильм мен Ұлттық кино қолдау орталығы «Алтын адам» жобасының шығармашылық тобына 41 миллион теңге қарыз. Осы екі мәселенің басын ашып алайық. Қазақфильм немесе Қазақанимация бөлімінің қызметкерлері жалақысын 7 ай бойы ала алмай жүр деген өтірік нәрсе. Олар — штаттан тыс адамдар. Бұл — 2019 жылы басталған жоба. Ол 5 жылға созылды. 90 пайыз қаражаттөленді. 10 пайыз ғана қалды. Бұл жоба 2023 жылы толық аяқталуы керек еді. Әрі қарай созылмауы керек еді, себебі 2024-ке қаражат қарастырылмаған. 2021 жылы бұл жобаны созу заң бойынша мүмкіндік болды. 2023 жылғы қарашада Ұлттық кино қолдау орталығындағы құрамында 10-нан аса адам бар сарапшылар кеңесі жобаны қабылдап алады. Олар жобаны тексеріп, 126 ескертпеайтты. Шығармашылық топ бұл ескертпелерді 16 желтоқсанға дейін өзгертіп үлгеруі керек еді. Алайда тағы да өзгертулер болған соң сарапшылар кеңесі жобаны толық 2024 жылғы наурызға дейін аяқтауға мүмкіндік берген. Ал бюджет 2024 жылға дейін қарастырылмаған», — деді ол. 

Азамат Сатыбалдының айтуынша, Қазақфильм бұл шешімге қарсы болып, Ұлттық кино қолдау орталығымен сотқа жүгінген. қазір екі ұжым (Қазақфильм мен Ұлттық кино қолдау орталығы — еск.) медиативті келісімге келіп отыр.

«Мен Құрманбек Жұмағалимен (Ұлттық кино қолдау орталығының басшысы — еск.) жақсы доспын. Арамызда араздық жоқ. Бұл — заңды процесс, сот арқылы шешімін тауып, бұл жобаны аяқтаудың шешімін табу керек. Сот жүріп жатыр. 1 ай бұрын Ұлттық кино қолдау орталығының басшысы Құрманбек мырза Қазақфильм аумағында «Алтын адам» жобасының шығармашылық тобымен кездесіп, фильмнің прокатқа шығып, содан жиналған қаражаттан Қазақфильм төлем жасайды деп келіскенбіз. Мұның видеосы да бар. Сол кезден жұмыс басталды. Біз қарашада «Алтын адам» жобасын прокатқа шығарып, жиналған ақшасын шығармашылық топқа төлейміз деп шешкенбіз. Ешқандай құжат кешіктірілген жоқ. Сарапшылар жобаны 2023 жылғы 15 желтоқсанда толығымен қабылдап тұр ғой. Демек олар құжаттарды да қабылдап тұр. Құжатты кешіктіргеннің өзінде айыппұл ғана алынады, ақшаны бермей қалу деген сөз емес. Мәселе жобаны наурызға дейін созғанда болып тұр. Мен Ұлттық кино қолдау орталығын қаралағым келмейді, олардың да өз жұмыстары бар», — дейді Азамат Сатыбалды. 

Берешек сома — 41 миллион теңге. Жалпы жобаға 378 миллион теңге бөлінген, оның 294 миллион теңгесі төленіп қойған. Ал сөз болып отырған 84 миллион теңге — бұл Қазақфильмнің түгел қаражаты. Ал шығармашылық топқа берілетін сома — 41 миллион теңге. 

Азамат Сатыбалды наразылыққа шыққан қызметкерлердің алдына неге шықпады?

«Олар неге шоу жасады?! Неге «Қазақфильм» алдына шықты?! Олар кез келген уақытта маған кіре алады да, кіріп те жүр. Мен тура сол кезде «Қазақфильмнің» жер мәселесі бойынша әкімдікте болдым. Шаруаны бітіріп келгенше олар кетіп қалған. 1 күн бұрын маған 2 адам кірді. Сол саланың адамдары, ертең болатын нәрсені айтқан жоқ. Тағы бір қызығы, неге бұл шу көктемде болған жоқ?! Себебі 12 шілдеде Қазақанимацияның жаңа жұмысына қатысты үкім шықты. Онда жаңа жұмыс басталып, қаржы түсетіні айтылған. Оны бәрі білді. Есімдерін атамаймын. Маған мына қызметті бер деп 2 адам келді. Олай болмайтынын, «Қазақанимацияның» жұмысы жаңадан басталатынын айттым. Осы жерде айқай-шу шығып, ауыздарына келгенін айтып кетті. Менімен ерегеске дейін барды. Одан кейін де тағы 1 адам келді. Барлығы заңды түрде болуы керегін айттым. Қазір «айқайлап жүрген» кей адамдарға анимация емес, басқа нәрсе керек сияқты. Ал «Алтын адам» жобасында қызмет еткендердің барлығына менің жаным ашиды, жүрегім аурады. Сондықтан мүмкіндігінше олардың ақшасын төлеп береміз, қарызды өтейміз. Министрлікпен осы мәселені шешу үшін барлығын істеп жатырмыз», — дейді Азамат Сатыбалды. 

 Бұл жоба 2019 жылы басталып, 2021 жылы аяқталуы керек еді. Неге Алтын адам жобасы былай созылды?

«Оған себеп көп. Кейде қаражат кеш түседі. Мысалы, шығармашылық ұжым наурыздан бастап жұмыс істеуі керек, бірақ бізде қаражат созылып-созылып, кейде тамызда түседі. Сол үшін шығармашылық ұжым 11 айдың жұмысын 6 айда істеуіне тура келеді. Олар бәрін салады, бірақ кейде үлгермей қалады. Бұған біржақты қарауға болмайды. Егер қаражат уақытында түскенде, олар да жұмысын уақытылы аяқтар еді», — дейді Азамат Сатыбалды. 

Түйін: «Алтын адам» жобасын Ұлттық кино қолдау орталығы «Қазақфильм» киностудиясына 2019 тапсырыс береді. Ол жоспар бойынша 2021 жылы аяқталуы керек еді. Алайда жоба 2024 жылғы наурызға дейін созылған. Салдарынан тапсырыс беруші жобаны іске асырушыларды сотқа береді. Ал жоба қызметкерлері «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істемейді, олар киностудиямен уақытша келісімшартқа отырған.

Азамат Сатыбалдының айтуынша, тапсырыс беруші мен орындаушы арасында медиатив келісім жасалған. Нәтижесінде «Алтын адам» жобасы қарашада прокатқа шығуы керек, содан жиналған қаражат шығармашылық топтың өарызын өтеуге кетеді.