"Қазір концерттен кейін таяқ жейді": Ақтауда концерт берген Төреғали Төреәлі ыңғайсыз жағдайға тап болды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазір концерттен кейін таяқ жейді": Ақтауда концерт берген Төреғали Төреәлі ыңғайсыз жағдайға тап болды

"Қазір концерттен кейін таяқ жейді": Ақтауда концерт берген Төреғали Төреәлі ыңғайсыз жағдайға тап болды

Танымал әнші, эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлі Ақтауда болған концертінде ыңғайсыз жағдайға тап болып, тағы да елді шулатты.

  • 26 Қараша
  • 34
Instagram/Kyn.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші сахнада домбырасын шешіп, терме орындаудан бас тартты.

Оған себеп — концерт ұйымдастырушыларының дыбыс сапасын дұрыстай алмауы. Әншінің айтуынша, микрофон дұрыс істемей, ырғақпен айтып келе жатқан сәтте дыбыс «сынып» кеткен.

«Болды, ренжіп қалдым. Жақсы айтып келе жатыр едім, бәрін бұзды. Қазір концерттен кейін таяқ жейді», – деп әзіл аралас ренішін білдірді Төреғали сахнада.

Оқиғаға қатысты тараған бейнежазбаның астында әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Бірі «шығармашылық адамға тән мінез» деп түсінсе, енді бірі «Төреғалидың мұндай реакциясына халық үйреніп қалған» деп жазған.

Перейти к новостям спорта