”Қазіргі 18-20 жасар жігіттердің бір ұрығы да жоқ” - Уролог маман - kaz.caravan.kz
  • $ 466.33
  • 538.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Қазіргі 18-20 жасар жігіттердің бір ұрығы да жоқ” - Уролог маман

”Қазіргі 18-20 жасар жігіттердің бір ұрығы да жоқ” - Уролог маман

Уролог-андролог Ернұр Айнаев қазіргі жас жігіттердің денсаулығы туралы сыр шертті.

  • 7 Сәуiр
  • 15
Видеодан скрин

Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”10-15 жыл бұрын ұрығы жоқ пациенттер өте аз болатын. Мысалы, қазір жап жас, 18-20 жасар жігіттер келеді. Оның бір ұрығы да жоқ. Оның әке болуы 0-ге тең, әке бола алмайды деген сөз. Ол жағдайда дамып келе жатқан медицинаның өзі көмектесе алмайды. Жас кезінде, ота жасауға болатын кезден өтіп кетті де, ота енді оларға көмектеспейді”, — деді уролог маман.

Сондай-ақ, ол сұхбат барысында бедеулік туралы да айтты.

”Қазіргі уақытта 50 де 50, теңесті. Бұрын 70% әйел кінәлі, 30% еркек кінәлі еді. Көп жағдайда әйелі 2-3 гинеколог маманға барып, оның жағдайы жақсы екеніне көз жеткізгесін барып қана еркектер спермаларын тапсырып жатады”, — деді уролог.