Оның айтуынша, бүгінде оқушылардың ата-анаға жаны ашымайтын болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл жөнінде ол өзінің желідегі парақшасында мәлім етті.
«Қазіргі оқушылардың ата-анасына жаны ашымайды. Ойламайды олар, аямайды. Мысалы, бұрын ата-анасының табысына байланысты, әр баланың қандай ұялы телефон ұстайтынын көретінбіз. Қазір 12, 13, 14 жастағы балаларды қараңызшы? Барлығында айфон… Барлығының бірдей ата-анасы жақсы ақша тауып жатқан жоқ қой. Ата-анасы амалдың жоқтығынан алып береді, көбісі. Баланы көңілі үшін, ал бала оны түсінбейді… Кейбір отбасы айфонды жай ғана алып бере алады, ал кейбір отбасы айфонды жыртылғанша жұмыс істеп, барын салып алып береді. Ал бала оны ата- ана мен үшін барлығын, қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр деп түсінбейді», — деді маман.