Қазіргі уақытта Орталық Азияда бірыңғай жоғары білім кеңістігі қалыптасуда - Президент - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазіргі уақытта Орталық Азияда бірыңғай жоғары білім кеңістігі қалыптасуда - Президент

Қазіргі уақытта Орталық Азияда бірыңғай жоғары білім кеңістігі қалыптасуда - Президент

Бүгінде Қазақстанда аймақтағы елдерден келген 9 мыңға жуық студент білім алады.

  • 9 Тамыз
  • 9
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан білім беру, ғылым, мәдениет және адами капиталды дамыту салаларындағы бесжақты ынтымақтастықты кеңейтуді әрдайым құптайды. Қазіргі уақытта Орталық Азияда бірыңғай жоғары білім кеңістігі қалыптасуда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Қазақстанда аймақтағы елдерден келген 9 мыңға жуық студент білім алады.

«Біз Орталық Азия жастарының елімізде жоғары білім алуға ұмтылысын бағалаймыз. Осы күні еліміз АҚШ, Еуропа, Қытай, Ресей және Оңтүстік Кореяның ондаған танымал университеттерімен стратегиялық серіктестік орнатты. Қазақстанның көптеген аймағында шетелдік оқу орындарының филиалдары жүйелі түрде ашылып, студенттерді белсенді қабылдай бастады. Бұған қоса Қазақстанда зерттеу университеттерінің саны артып, технопарктер мен инженерлік орталықтар іске қосылып жатыр. Біз Орталық Азия және Кавказ елдерінің жастарын осы мүмкіндікті пайдаланып, халықаралық деңгейде сұранысқа ие қос дипломды білім алуға шақырамыз», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық-сараптамалық саладағы ықпалдастықты жандандыру қажет екеніне назар аударды. Мемлекет басшысы бірлескен медиаөнімдерді шығару жұмыстарын қолға алу жөнінде үкіметтерге тапсырма беруді ұсынды.

«Ортақ тарихи сюжеттерді экранизациялауға, халықтарымыздың достығы мен ынтымағын дәріптеуге ерекше мән беру керек. Біз жалпыөңірлік телеарна және ақпараттық интернет-порталын ашу мәселесін талқыладық. Бұл ретте Орталық Азия елдерінің телехабар тарату саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді әзірлеп, қол қоюдың маңызы зор», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.