Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматы экономикалық соты Казкоммерцбанктің «Экспресс-К» республикалық газетінің қожайындарына қарсы шағымын қанағаттандырып, «Вот это болт! Нам грозит дефолт…» атты мақалада таратылған мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын және ол банктің іскерлік беделіне нұқсан келтіретінін мойындаған.
Сот шешіміне сәйкес, жауапкер сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін 10 күн ішінде газеттің бірінші бетінде мақалада келтірілген мәліметтерді сол мақала жарияланған шрифтімен жоққа шығарып, банктен жариялы түрде кешірім өтінуге тиіс.
Сонымен бірге сот моральдық шығынның өтемі ретінде банктің пайдасына 5 млн. теңге, сот шығыны ретінде 1,2 млн. теңге өндіріп алды.
«Сөйтіп, осы аптаның сенбісіне дейін басылым қожайындары мақалада келтірілген мәліметтерді жоққа шығарып, банктен кешірім сұрауға тиіс»,- деді С.Евстигнеев.
Сонымен бірге ол «жауапкер сот шешімін орындауға мәжбүрлеу тетігін қолдануға жеткізбей, жауапкершілікті лайықты жүктеп алады» дегенге сенім білді. «Газета өкілдерінің айтуынша, басылым қазір ауыр жағдайда болуға байланысты 5 млн. теңгені өтеу оңайға соқпайды» деп мәлімдеп отырғандықтан, «Казкоммерцбанк шешімді күшпен орындатуға мәжбүр болмақ»,- деді С.Евстигнеев.
Ал «Казкоммерцбанк» АҚ-ның басқарушы директоры Бейбіт Әпсеметовтың айтуынша, бұл шағым газетке немесе ондағы журналистерге қарсы емес, басылымның құрылтайшыларына қарсы бағытталған. «Ол газеттің алақол қожайындарына сабақ болмақ»,- деді С.Евстигнеев.
«Экспресс-К» республикалық газеті «Вот это болт! Нам грозит дефолт…» атты мақалада Ресейдің Ұлттық банк журналында жарияланды-мыс деген сілтеме бойынша «Казкоммерцбанк» АҚ банкроттыққа ұшырау алдында деген ақпарат таратқан.